Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері

«Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 17
  • Жауаптар: 17
  • 21.06.2017, 10:00
  • 21.06.2017, 18:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Керейбаев Әділхан 21.06.2017, 15:31, Сұрақ нөмірі: 7087

  • 0

Жастардың жұмыссыздығын төмендету үшін қандай жұмыстар атқарылуда?

Қызылорда облысы 21.June.2017, 16:27

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалар қарастырылған. Еңбек және жұмыспен қамту саласында мемлекеттік жастар саясаты жастарды жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды дамыту және жастарды кәсіптік даярлық пен біліктілікті жоғарылату курстарында оқыту, бағдарламаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы (ү.ж. 199 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төлеуге 235 млн. 812 мың теңге, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға немесе салуға 537 маманға 1 млрд. 827 млн. 680 мың теңге қарастырылды), «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған» бағдарламасы үш бағыт бойынша іске асырылылуда (І бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» кадр даярлау бойынша 1 515 адамға 409,0 млн.тг бөлінсе, қысқа мерзімді оқытуға 1 335 қатысушыға 386,6 млн.тг қарастырылған. ІІ бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша "Бастау Бизнес" жобасы сәйкес кәсіпкерлік негіздеріне 900 қатысушыға 15 млн. теңге қаржы қарастырылып, ауылдағы және қалалардағы 452 азаматтың кәсіпкерлік бастамаларды қолдау жоспарлануда. ІІІ бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» әлеуметтік жұмыс орындарына 505 азаматқа 138,9 млн.тг., жастар тәжірибесіне 915 жас маман 307,8 млн. теңге қаралған), маусымдық кезеңінде «Жасыл Ел» жобасына 1 035 сарбаз тартылуда. Сонымен қатар, өңірде «Жастар еңбек жасағының қызметін дамыту бойынша әлеуметтік қызметін ұйымдастыру», «Go working орталығының жұмысын ұйымдастыру», «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» әлеуметтік жобалары ұйымдастырылуда. Жобалар аясында жұмыссыз, бос жүрген, дивиантты мінез құлықты, шартты және жазасын өтеп шыққан жастарды құрылыс жасағына тарту, кәсіби бағыт бағдар беру, тәжірибелі жұмысшы мамандардың шеберлік сағаттар, кәсіпкерлік дағдылары бойынша семинар-тренингтер, жұмыссыздық жәрмеңкелері, сондай-ақ, компьютерлік, құқықтық сауаттылық, бухгалтерлік, ағылшын тілі бойынша оқыту курстары өткізілуде.