Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері
«Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 21.06.2017, 10:00
- 21.06.2017, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Смаева Рахила 21.06.2017, 15:58, Сұрақ нөмірі: 7090
Қайырлы күн Қырымбек Елеуұлы!
Менін сізден сұрарым:
Қазіргі таңда экспортқа өнім шығару мәселесі көп айтылып жүр. Осы бағытта облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтсеңіз?
Қызылорда облысы 21.June.2017, 18:24
Мал шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінгі таңда мал басының өсуі мен мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін өндіру көлемі артып отыр. Үстіміздегі жылдың мамыр айында Францияда өткен Халықаралық эпизоотиялық бюросының (ХЭБ) шешімімен біздің облыс аусыл ауруына қатысты шектеулі (буферлік) аймақтан шықты. Буферлік аймақтан шығу экспортқа сиыр етін шығаруға мүмкіндік береді. Биылғы жылы 100,0 тонна сиыр, 25,0 тонна қой етін экспорттауды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде Иран Ислам Республикасының Горган профинциясында орналасқан «Фарагир Инчеборон» компаниясымен 4 млн. доллар көлемінде тірілей қой мен мүйізді ірі қара малын экспорттау жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Егіншілік саласында экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында Иран Ислам Республикасында сұранысы жоғары «Торем Хошеми» сортын өндіруді қолға алдық, бізде өндірілген күрішті Иранға экспорттайтын боламыз және Қытай мемлекетіне күріш салысын өткізу мәселесін пысықтаудамыз. Сонымен қатар, облыста бақша дақылын өндірістік негізде егу көлемін ұлғайту арқылы Ресейде сұранысы жоғары қауын сорттарымен гибридтерін егіп, биыл 2000 тоннаға жуық сыр қауынын экспорттауды жоспарлап отырмыз.