Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері

«Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 17
  • Жауаптар: 17
  • 21.06.2017, 10:00
  • 21.06.2017, 18:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Алданышова Жарқынай 21.06.2017, 16:12, Сұрақ нөмірі: 7091

  • 0

Қайырлы күн Қырымбек Елеуұлы! Менің сізден сұрарым: Соңғы жылдары инвестициялық субсидиялау бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама аясында жайылымдық жерлерді суландыру мақсатында салынған құдық, ұңғымаларға, ауыл шаруашылығы техникаларына субсидия төленетінін білеміз. Биылғы жылы өзгерістер бар ма?

Қызылорда облысы 21.June.2017, 16:59

Қайырлы күн! Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы бойынша 2016 жылдың өзінде 389 ауыл шаруашылығы техникалары жаңартылып, 26 құдықтар мен ұңғымаларға субсидия төленді. Жалпы, былтырғы жылы субсидиялау бағдарламасы аясында облыстың шаруаларына 1 260 млн. теңге инвестициялық субсидия берілген болса, биылғы жылы инвестициялық субсидиялау бағдарламасының Қағидасына өзгерістер енгізіліп отыр. Онда ауыл шаруашылығы кооперативтеріне басымдық беріліп отыр. Кооперативке өңдеу құрал-жабдықтары мен техникаларын алған жағдайда, мемлекет тарапынан 50 пайызға дейін құрал-жабдықтарға субсидияға алуға болады және инвестициялық субсидия арқылы несие беретін қаржы институттарымен бірлесіп кооперативтерге алынатын техника немесе құрал-жабдықтардың өзін кепілдікке қоя отырып алу механизмі қарастырылған.