Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері
«Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 21.06.2017, 10:00
- 21.06.2017, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Ибрагимов Нурлан 21.06.2017, 17:06, Сұрақ нөмірі: 7094
Қытай еліндегі өндірістерді Қазақстанға көшіру жөнінде жиі естиміз. Өзіміздің арамызда мамандық бойынша жұмыс таппай жүргенде, бұл өз кезегінде қытай мамандарының тартылуына әкелуі мүмкін. Осы орайда Қытай мемлекетімен бірлесіп орындайтын жобалар бар ма?
Қызылорда облысы 21.June.2017, 17:29
Мемлекет басшысының Жолдауында елімізде Қытаймен бірлесіп жаңа өндіріс ашу үшін инвестициялық бағдарламаны тиімді іске асыру жөнінде тапсырмалар берілді. Осы орайда, Қызылорда облысы бойынша Қазақстан-Қытай мемлекеттерінің индустрияландыру және инвестициялық ынтымақтастығы негізінде қазіргі таңда жалпы құны 72,8 млрд. теңгені құрайтын 2 жоба жүзеге асырылуда: 1) «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің құны 64 млрд. теңге құрайтын, іске қосылу барысында 260 жұмыс орыны ашылатын «Шиелі ауданындағы қуаттылығы жылына 1 млн.тонн тампонажды цемент өндіру зауытының құрылысы» жобасы. Аталған жоба Қазақстан-Қытай елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту негізінде Қытайлық «Гежуба Групп Цемент КО ЛТД» компаниясымен бірлесе іске асырылуда. Атап өту қажет, биылғы жылы зауыт құрылыстарын жалғастыру үшін Қытай инвесторлары 7,5 млн.АҚШ. долл. көлемінде бірінші транш аударды. Бұл зауыт тампонажды цемент шығаратын облысымыздағы алғашқы зауыт болып табылады. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде зауытты орналастыру үшін 50 га жер телімі берілді. Бүгінгі күні геологиялық барлау жұмыстары аяқталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаны 2019 жылы іске қосу жоспарлануда. 2) «Евразия Агрохолдинг» ЖШС-нің құны 8,8 млрд. теңге құрайтын, іске қосылу барысында 154 жұмыс орыны ашылатын «Жаңақорған ауданындағы тамшылап суару арқылы томат өсіру және томат пастасын өндіру бойынша зауыт құрылысының» жобасы. Аталған жоба қытайлық Кофко («Cofco») компаниясымен бірлесіп іске асырылады.