Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері
«Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 21.06.2017, 10:00
- 21.06.2017, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Сахиұлы Асқар 21.06.2017, 17:07, Сұрақ нөмірі: 7095
Арал теңізі құрғаған ұлтанында қандай жұмыстар атқарылуда?
Қызылорда облысы 21.June.2017, 17:30
Жойылып бара жатқан Арал теңізінің мәселесі біздің өңірге ғана емес, бүкіл әлемге қатер төндіреді.Теңіздің тартылуы салдарынан жыл сайын 75 миллион тоннаға дейін шаң мен улы тұзды жел көтеріп, оның тозаңы қазірдің өзінде Еуропа мен Антарктидадан табылып отыр. Арал теңізінің құрғаған ұлтанында ұшқан шаң мен тұзды тоқтату мақсатында соңғы 25 жылдың ішінде Қазақстанның бөлігінде 153 мың гектар сексеуіл ағаштары егілді. Соның ішінде, 2008-2014 жылдары Қазақстан, Дүниежүзілік банк және Ғаламдық экологиялық қоры арқылы қаржыландырылған «Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту» жобасы аясында Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 56,5 мың гектар жерлеріне сексеуіл екпелері егілді. Сонымен қатар жыл сайын облыстық бюджет есебінен жылына 5000 гектар егілуде. 2014 жылы маусым айында Қазақстанға келген Оңтүстік Корея Республикасы Президентінің жұмыс сапары барысында, екі ел Президенттерінің қатысуымен бірқатар құжаттарға қол қойылған болатын. 2017 жылы 30-31 мамырда Қызылордада өткен Арал халықаралық тұрақты дамыту. Форум барысында «Арал теңізінің шығыс жағалауынан «Жасыл белдеу» құру жобасын жүзеге асыру туралы өзара ынтымақтастық келісімге қол қойылды. Жоба Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Арал теңізінің құрғаған ұлтанында - 25 000 га фитоорманмелиоративтік жұмыстарын жүргізілетін болады.