Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері
«Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 21.06.2017, 10:00
- 21.06.2017, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Кәрісбеков Дәурен 21.06.2017, 17:24, Сұрақ нөмірі: 7097
"Қазақстанның киелі жерлері, географиясы" жылбасы аясында қандай жұмыстар атқарылуда? Осы жобаға қалай қатыссам болады?
Қызылорда облысы 21.June.2017, 17:42
Сұрағыңыз өте орынды. Елбасы мақаласындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылып, бүгінгі күні нақты атқарылатын іс-шаралар жоспары айқындалды. Осы іс-шаралар жоспарындағы маңызды алты жобаның бірі "Қазақстанның киелі жерлері географиясы". Бұл жобаға жалпыұлттық сипатқа ие рухани жәдігерлер, яғни тарихи ескерткіштердің негізгі кешені қамтылып, топтастырылады. Бүгінгі күні осы жобаның негізі орындаушысы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жанынан "Қасиетті Қазақстан" орталығы құрылды. Біздің облыстан да осы жобаға байланысты арнайы жұмысшы тобы құрылып, облыс аумағындағы сакралды обьектілердің тізімі жасақталуда. Облыс бойынша макросакралды нысандар тізіміне республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштері Қорқыт Ата кешені, Сығанақ, Шірік-рабат, Жанкент қалашықтары, Хорасан ата кесенесі, Төлегетай-Қылышты кесенесі, Бегім ана мұнарасы, Ақтас мешіті, Айқожа ишан кесенелері ұсынылса, ал, микросакралды нысандар тізіміне жергілікті маңызы бар ескерткіштер, зиярат орындары, киелі жерлер – Жеті әулие кесенесі, Мүлкәлан кесенесі, Қалжан ахун мешіт-медресесі, Марал ишан кесенелері ұсынылып отыр. Жоба аясындағы жұмыстар қызу басталып кетті. Әрине, әрбір азамат ерікті түрде осындай жобаларға қатысуға болады. Бұл жобаны жүзеге асыратын арнайы мекемелер бар. Сізбен хабарласып, бірге жұмыс жасауға болады.