Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері
«Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 21.06.2017, 10:00
- 21.06.2017, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
ЖАХУДАЕВ НАРИМАН ҮСЕНҰЛЫ 21.06.2017, 17:41, Сұрақ нөмірі: 7098
Жаңақорған ауданындағы Талап-Сырдария топтық су құбыры құрылысының барысы жайлы және құрылысы аяқталған кезде қанша елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Қызылорда облысы 21.June.2017, 17:48
Жаңақорған ауданындағы Талап топтық су құбырының құрылысы 2014 жылдың шілде айында басталды. 2014 жылға жоспарланған қаржы 1175,0 млн. теңге және 2015 жылға республикалық бюджеттен бөлінген 824 млн. теңге қаржы толық игерілді. Талап топтық су құбырымен Жаңақорған ауданының 12 елді мекені таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда: Кейден, Шалқия, Құттықожа, Бесарық, Кеңес, Қосүйеңкі, Қызылмақташы, Манап, Бірлік елді мекендері мен Аққұм, Талап, Бесарық бекеттері. Елді мекендер бойынша ішкікенттік желілерінің жалпы ұзындығы (шақырымы) – 89,410 км. Елді мекендер бойынша сервистік желілердің жалпы ұзындығы (шақырым) – 89,163 км. Жаңақорған ауданындағы Сырдария топтық су құбырының құрылысы 2015 жылдың қазан айында басталды. 2015 жылғы 21 тамыздағы №19 Республикалық бюджет комиссиясының шешіміне сәйкес, 2015 жылға Сырдария топтық су құбырының құрылысына республикалық бюджеттен 1013,0 млн. теңге және 2016 жылға республикалық бюджеттен 1879100 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Сырдария топтық су құбырымен Жаңақорған ауданының сырдың бойындағы елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда: Көктөбе, Қандөз, Қашқанкөл, Қалғансыр, Қаратөбе, Келінтөбе, Түгіскен, Қожакент, Өзгент, Аксуат, Машбек Нәлібаев, Қыркеңсе, Жаңарық, Билібай, Байкенже елді мекендері. Елді мекендер бойынша ішкікенттік желілерінің жалпы ұзындығы (шақырымы) – 77,967 км. Елді мекендер бойынша сервистік желілердің жалпы ұзындығы (шақырым) – 116,385 км.