Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 24
- 08.06.2009
- 11.06.2009
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Изтелеуова Бота 10.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Соғыс ардагері, еңбек ардагері, көп балалары аналарға көлікте тегін жүруге, санаторияларға тегін жолдама, дәрі-дәрмектер алуға көмек болады ма?
Администратор 11.06.2009
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі № 2247 Заңына сәйкес соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соларға теңестiрiлген адамдарға дәрі-дәрмекпен, жалпы жұрт пайдаланатын көліктің барлық түрімен (таксиден басқа) жүру жөніндегі шығындарды төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Сонымен қатар, Қызылорда қаласы бойынша І топтағы көз мүгедектеріне ғана қоғамдық көліктерде тегін жүру жеңілдіктері қарастырылған. Сондай-ақ, биылғы жылы 300-ден аса мүгедектерді Көкшетау қаласына тегін демалысқа жіберу жүргізілуде.