Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері

«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Ә. Абаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 30.06.2017, 11:00
  • 30.06.2017, 13:00
  • ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

Магроев Азамат 30.06.2017, 11:30, Сұрақ нөмірі: 7102

  • 0

Ақпаратқа қол жеткізу құқығы шектелген жағдайда қайда шағымдануға болады?

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі 30.June.2017, 11:32

"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың шешімдеріне шағым әрекет жасалғаны немесе тиісті лауазымды адамның немесе органның шешім қабылдағаны туралы азаматқа белгілі болған кезден бастап үш айдан кешіктірілмей жоғары тұрған лауазымды адамға немесе органға не сотқа беріледі. Шағым жасау үшін өтіп кеткен мерзім мемлекеттік орган немесе лауазымды адам не сот үшін шағымды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Мерзімді өткізіп алу себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тарту негіздерінің бірі болуы мүмкін.