Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері

«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Ә. Абаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 30.06.2017, 11:00
  • 30.06.2017, 13:00
  • ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

Аязбай Еркебулан 30.06.2017, Сұрақ нөмірі: 7103

  • 0

Ауруханаларда әр адамның денсаулығы туралы ақпарат қаншалықты қорғалған? Бәрі орталық базаға енгізілуі себепті донор іздеген адам (байлар немесе мемлекеттік шенеуніктерге) сол ақпараттарға қаншалықты қол жеткізіп қоюы мүмкін? Бұл сұрақтың туындау себебі: донор өте керек жағдайда дені сау адамды анализдері арқылы тауып алып мәжбүрлеп донор ету қаупі, немесе клиникалық өлім арқылы дене мүшесін алу мүмкінлігі туындауы. "Батыс Қазақстан өңірінде бір ата ана баласының басынан ауыр соққы алу себебіне байланысты ауруханаға апарыпты. 2 күн өткеннен кейін ата анасына баласы қайтыс болған туралы хабар беріпті. Бірақ баланың ішкі жарамды органдарын түгелімен алып қойған еш туысқандарының келісімінсіз. Жаңалықтан сөйлеген медицина саласының қызметкері бәрі заңды екенін айтып, қайтыс болар алдында дене мүшесін алуға келісім берген адамның мүшелерін ала беруге болатыны заңда рұқсат етілген деп заңға сүйенетінін айтқан". Яғни бұл сияқты оқиғадан шығатын қауіп: Керек донордың анализіне қол жеткізген адам ол адамға өте ауыр соққы жасап, ауруханада ішкі мүшелерін алу қаупі бар.

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі 30.06.2017

Қайырлы күн! Ауруханалардағы әр адамның денсаулығы туралы ақпарат "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңымен реттеледі. Азаматтардың олардың келісімінсіз қандайда бір дербес деректері заңсыз жарияланған жағдайда немесе лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері бойынша прокуратура органдарына немесе сотқа шағымдануға құқығы бар. Рахмет!