Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері
«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Ә. Абаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 30.06.2017, 11:00
- 30.06.2017, 13:00
- ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
Какыбаланов Серикказы 30.06.2017, Сұрақ нөмірі: 7104
Қайырлы күн, министр мырза! Бұрындары БАҚ-ты осы электрондық үкімет порталы арқылы тіркеуге болушы еді. Сол қызметті алып тастаған. Неге алынып тасталды екен? Ұлттық Интернет ассоциациясы атынан интернет-басылым тіркесек деп еді. Рахмет!
ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі 30.06.2017
Қайырлы күн! Ия, бұған дейін БАҚ басылымдары электрондық портал арқылы тіркелген, бірақ электрондық тіркеу бойынша келіп түскен өтініштер саны өте аз болды, электрондық тіркеу болсада біздің мекенжайға қағаз жүзіндегі өтініштер өте көп келді, сол себепті электрондық тіркеудің орнына қағаз жүзінде тіркеуге қайта көштік. Рахмет!