Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері
«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Ә. Абаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 30.06.2017, 11:00
- 30.06.2017, 13:00
- ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
Аязбай Еркебулан 30.06.2017, Сұрақ нөмірі: 7105
Кез келген компания,банк жарнама жасау кезінде ақпарат қаншалықты шындыққа сай (мысалы лотореяда ұтысты алатын кезде комиссия төлейді екен, бірақ жарнамада ол жайлы айтылмайды. Билет 200тг болса , билетті сатып алған адамның ақшасы соған ғана жетуі мүмкін. Сосын ұтысты алатын кезде комиссиясын төлей алмаса ? ) келуі керек? Себебі жарнама арқылы ақпаратқа қол жеткізген адам көбінде алданып қалатыны хақ.
Аязбай Еркебулан 30.06.2017, 15:56
Салық кімге салынуы керек? Ұтысты ұйымдастырушыға ма әлде ұтып алушыға ма? Неліктен?
ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі 30.June.2017, 13:00
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 156 бабының 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай ұтыстарды есептеу күні қолданыста болатын ең төменгі жалақының 50 пайызы шегіндегі лотерея бойынша ұтыстарға салық салынбайды. Егер ең төменгі жалақының 50 пайызынан асқан жағдайда ұтыстарға салық салынады.