Мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша көрсету

«Мемлекеттік корпорация мен «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментінің директоры Хатиев Ануар Нурманович жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 30.06.2017, 15:00
  • 30.06.2017, 17:10
  • Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

Аязбай Еркебулан 30.06.2017, 16:24, Сұрақ нөмірі: 7106

  • 0

"Бір терезе" қағидаты артық тиімсіз шенеуніктер санын азайтуға септігін тигізіп жатыр ма? 2017 жылы шенеуніктердің өкілеттігін, санын қысқарту арқылы бюджетте қанша суммаға эконом жасалды?

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі 30.June.2017, 17:07

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ұлт жоспардың 100-қадамын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерін "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорацияға іріктеу жұмыстарын атқаруда. Қазіргі уақытта, мемлекеттік қызметтердің функцияларын Мемлекеттік корпорацияға беру жұмыстары бастапқы сатыда. Сол себепті мемлекеттік қызметтер толығымен Мемлекеттік корпорацияға берілген жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызметкерлердің санын азайту сұрағы қарастырылатын болады. Сонымен қатар, толығымен автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер бойынша мемлекеттік қызметті беру сатысында адамдық фактордың қатысуы тіпті жоқ. Мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту әрбір өкілетті мемлекеттік органның құзыретіндегі, жоғарғы өкілетті органдармен келісіліп, шешілетін сұрақ.