ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңын жүзеге асыру және түсіндіру
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңын жүзеге асыру және түсіндіру тақырыптағы Интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрағына Қостанай облысы Федоров ауданының әкімі Т.Қ.Исабаев жауап береді.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 05.07.2017, 09:00
- 05.07.2017, 18:00
- Қостанай облысы Федоров ауданының әкімінің аппараты
Аязбай Еркебулан 30.06.2017, 16:35, Сұрақ нөмірі: 7107
Сақтандырудың ақшасын кім төлейді? Жұмыс беруші ма ? әлде жұмысшы ма?
Қостанай облысы 05.July.2017, 10:49
Құрметті Аязбай Еркебұлан!!! «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес азаматтардың жүйеге қатысуы міндетті болып табылады. Жарналарды төлемеу және төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілікке тартылады. ҚР міндетті медициналық сақтандыру аударымдарды төлеушілер: - жұмыс берушілер; - жұмыскердің өзі; - өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық; - мемлекет (халықтың әлеуметтік осал жіктеріне). Жұмыс берушілер 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап - 1%, 01.01.2018 жылдан бастап - 1,5%, 01.01.2020 жылдан – 2%, 01.01.2022 жылдан - 3%. Пайыздық мөлшерлеме әрбір қызметкердің жеке жалақысына қатысты алынады және жарналар жұмыс берушінің шығысынан (жалақы төлемінің қорынан) жүргізіледі. Қызметкерлердің аударымдары қызметкердің жалақысына қатысты жүргізілетін болады: 2019 жылдан бастап - 1%, 2020 жылда - 2%