«Алматы облысындағы туризм саласының өркендеуі»
«Алматы облысындағы туризм саласының өркендеуі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 19.07.2017, 09:00
- 19.07.2017, 16:00
- Алматы облысы әкімдігінің аппараты
Танабаев Самажан 17.07.2017, 16:34, Сұрақ нөмірі: 7111
Туризм саласындағы бизнесмендерге қандай мемелекеттік көмек көрсетіледі?
Алматы облысы 17.July.2017, 18:55
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Алматы облысында ішкі туризмді қолдау жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта облыста ішкі туризмді дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша берілген несиені қаржыландыру есебінен 565,5 млн. теңге бөлініп, 2 және 3 - санаттағы қонақ үйлердің құрылысы жүргізілуде. Туристік салада перспективалы және қызықты жобалар «Жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағыты бойынша «Даму» қорынан қаражаттандырылады. Ұйғыр ауданындағы ыстық бұлақ арқылы көрсетілетін санаториялық-курорттық қызметтер бойынша «Premium Spa Resort» ЖШС- жобасы мемлекеттік қаражатынан қолданады. Өңірлік үйлестіру кеңесінің қолдауымен берілетін қаражат мөлшері 100 млн. теңгені құрайды. Қарасай ауданынан «Тулаев» және Алакөл ауданынан «Мукин» жеке кәсіпкерлері қонақ үй кешендерінің құрылысын іске асыруда. Бекзат Тулаевтың жобасын қаржыландыру мақсатында «Даму» қоры несие сомасының жартысына 169 млн. теңгеге кепілдік берді, берілетін сома 338 млн. теңгені құрайды. Айдос Мукиннің жобасы бойынша 68 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, А.Мукин жас кәсіпкерлер қатарында «Кәсіпкерлік әлеуетін күшейту» бағдарламасы бойынша оқып, Германияда өткен «Іскерлік байланыс» жобасы бойынша шетелдік тәжірибеден өтті. Қапшағай қаласындағы қонақ үйлер кешенінің құрылысына «Сахипов» ЖК-не 37 млн. теңге бөлінді.