«Алматы облысындағы туризм саласының өркендеуі»
«Алматы облысындағы туризм саласының өркендеуі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 19.07.2017, 09:00
- 19.07.2017, 16:00
- Алматы облысы әкімдігінің аппараты
Жандосов Бақыт 18.07.2017, 17:05, Сұрақ нөмірі: 7115
"Қазақстанның киелі жерлер географисы" бағдарламасы бойынша не айта аласыз?
Алматы облысы 19.July.2017, 10:19
Қазіргі таңда Алматы облысының мавзолейлерін, мұражайларын және тағы да басқа тарихи, рухани нысандарды қамтыған өңірдің киелі жерлерін анықтап, республикалық тізімге енгізу мақсатында комиссия құралуда. Алматы облысының туризм бақармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне 36 киелі нысаннан құралған тізімді жолдады. Киелі жерлердің нақты тізімі бекітілгеннен кейін Алматы облысының киелі нысандарының инфрақұрылымын жақсарту және аталған жерлерде туристік маршруттар құру бойынша жұмыстар жоспарланады.