«Алматы облысындағы туризм саласының өркендеуі»
«Алматы облысындағы туризм саласының өркендеуі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 19.07.2017, 09:00
- 19.07.2017, 16:00
- Алматы облысы әкімдігінің аппараты
Қайратұлы Әділет 19.07.2017, 09:37, Сұрақ нөмірі: 7116
Туризм басқармасымен "Туған жер" бағдарламасы аясында қандай іс-шаралар өткізіліп жатыр?
Алматы облысы 19.July.2017, 10:20
«Туған жер» бағдарламасы негізінде облыстық іс-шаралар жоспары дайындалып, онда жергілікті туризмді дамытуға бағытталған іс-шаралар қамтылған. Қазіргі таңда облыста «Ұлы Дала Елі» туристік экспедициясы өткізілуде. Экспедиция аясында экологиялық, өлкетану, мәдени-танымдылық туризм бойынша сапарлар мен экспедициялар ұйымдастырылды. «Ұлы Дала Елі» экспедициясының облыстық кезеңінде 300-ден астам бала мен жасөспірім қатысуда. Экспедиция аясында қатысушылар облыстың туристік көрікті жерлеріне барып қайтады, атап айтқанда Шарын шатқалы, Шаған тоғайы, Алтын адам табылған Сақ қорғандары, Тамғалы шатқалы, Жоңғар және Іле Алатау таулары және тағы да басқа нысандар. «Қазақстанды таны» маршруттарын ұйымдастыру және насихаттау мақсатында жыл сайын жаз айларында туристік клубтарға қатысатын үздік оқушылар Астана қаласына экскурсияға барады. Биылғы жылы Текелі қаласындағы «Ирбис» туристік клуб мүшелері Астана қаласына 2017 жылдың маусым айында барып қайтты. 2017 жылғы қазан айында Алматы облысының аймағында облыс жастары мен бұқаралық ақпараттық құралдары өкілдеріне «Жетісудың жеті кереметі» атты үш күндік экспедиция жоспарлануда. Экспедиция барысында қатысушылар Еңбекшіқазақ, Панфилов, Кербұлақ, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай қаласының тарихи-мәдени көрікті жерлерімен және табиғи ландшафттармен таныса алады. Облыстық бюджеттен 1 млн. теңге көлемінде қаржыландыру жоспарлануда. Қазіргі таңда аталған экспедицияның маршруты, бағдарламасы және сметасы дайындалды.