Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 16
- Жауаптар: 16
- 02.08.2017, 15:00
- 02.08.2017, 20:55
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Ражман Айтолқын 02.08.2017, 16:24, Сұрақ нөмірі: 7158
Сәлеметсіз бе?! Менде мынадай сұрақ туындап отыр. Егер мемлекеттік қызметші өзінің демалыс уақытында (сенбі күні) қызмет бабымен орталық мемлекеттік ғимаратқа жұмыс істеу үшін келген болса, үстіне джинсы шалбар киюге рұқсат па? Немесе джинсы шалбар мен спорттық аяқ киім киіп келгені үшін жазалана ма? Жауабыңызға алдын ала рахмет!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.August.2017, 18:32
Құрметті Ражман Айтолқын! Қойған сауалыңыз үшін рахмет! Әдеп кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс. Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 32-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленген. Айтылғандардың негізінде, мемлекетік қызметші демалыс уақытында (сенбі күні) қызмет бабымен орталық мемлекеттік ғимаратқа джинсы шалбар мен спорттық аяқ киім киіп келгені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылмауы тиіс деп пайымдаймыз. Сонымен қатар, Кодекстің талаптарына сай мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақыттажалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс. Құрметпен, А. Шпекбаев