Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 16
- Жауаптар: 16
- 02.08.2017, 15:00
- 02.08.2017, 20:55
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Мухамедиев Мейірхан 02.08.2017, 16:43, Сұрақ нөмірі: 7159
Құрметті Алик Жаткамбаевич! Алдымен Сізге, атқарып жатқан өте ауқымды жұмыстарыңызға алғыс білдіріп, қызметіңізге сəттілік тілегім келеді! Сондай-ақ келесі ұсынысыма көңіл аударуыңызды сұраймын. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына қызметке тұру үшін, ашылған бос лауазымдар қазірге сəтте бір жүйеде реттелінбеген. Яғни, əр құқық қорғау органы сəйкесінше өзінің қарамағындағы бос лауазымдарға конкурсты бөлек жариялайды жəне уақытылы жаңартылып тұрмайтынын байқадым. Осыған байланысты, құқық қорғау органдарына жұмысқа тұруға ниет білдіретін азаматтарға қолайлы болу үшін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (əрі қарай - агенттік) ресми сайтында бос лауазымдарға конкурс, конкурсқа жіберілгендер жəне конкурстың нəтижесі туралы ақпараттарды қамтитын бөлім ашуды ұсынғым келеді. Қазіргі таңда Бас прокуратураның, мемлекеттік кірістер комитетінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының сайтында кадр мəселесі жөнінде бөлімдер бар, бірақ онда жаңарту немесе өзгерту жұмыстары уақытылы жүргізілмейді. Мысалға, құқық қорғау қызметіне тұру үшін, тестлеуден өткен көп азаматтар бос лауазымдар туралы ақпарат таба алмай жүргенін байқадым. Сіздердің агенттіктің ресми сайтында барлық деңгейдегі мемлекеттік əкімшілік қызметтің (орталық жəне өңірлік деңгей) бос лауазымдары туралы ақпаратты қамтитын бөлім іске асырылған. Бұл біздер үшін өте қолайлы деп санаймын. Осындай бір бөлімді құқық қорғау органдарының бос лауазымдарына конкурстар туралы хабарламаны орналастыру үшін ашуға болады ма? Мүмкіндік болса осы мəселені қолға алуыңызды сұраймын. Рахмет!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.August.2017, 20:43
Құрметті Мейірхан Мухамедиев! Мемлекеттік қызмет саласында азаматтық белсенділік көрсеткеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Құқық қорғау органдарының лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында жариялау мәселесі заңнаманы жетілдіру барысында қарастырылатындығын хабарлаймыз. Құрметпен, А. Шпекбаев