Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 16
- Жауаптар: 16
- 02.08.2017, 15:00
- 02.08.2017, 20:55
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Куспанова Ханшайым 02.08.2017, 16:50, Сұрақ нөмірі: 7161
Мемлекеттік қызметшілерде жұмыс уақытының ұзақтығы қалай айқындалады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.August.2017, 20:25
Құрметті Ханшайым Куспанова! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 32- бабына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмыс уақытының ұзақтығы еңбек заңнамасына сәйкес айқындалады. Сонымен бірге, шұғыл, күнi бұрын болжанбаған жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттік қызметшілер еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс және мереке күндерiндегі жұмысқа тартылуы мүмкiн. Осы тармақта көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе жұмысына мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтемақы төленеді. Сонымен бірге, Еңбек кодексінің 68- бабына сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Құрметпен, А. Шпекбаев