Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 16
- Жауаптар: 16
- 02.08.2017, 15:00
- 02.08.2017, 20:55
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Мұхтарова Мереке 02.08.2017, 16:52, Сұрақ нөмірі: 7162
Салеметсіз бе, Алик Жаткамбайұлы! Менің білейін деген сұрағым: Құқық қорғау қызметіне тұру үшін тапсырылатын тест бағдарламасының өзгеруіне байланысты. Тесттен өте алмаған азамат 1 айдан кейін қайта тапсыруы қарастылығандығы туралы өзгерістер болып жатыр деп естігенбіз. Сол қазіргі кезде қаншалықты жүзеге асырылуда?
Алдын-ала рахмет!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.August.2017, 20:29
Құрметті Мереке Мұхтарова! Сіздің сауалыңызды карап келесіні хабарлаймыз. Агенттіктің 2017 жылғы 31 мамырдағы №115 бұйрықпен Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары және бағдарламаларына (бұдан әрі - Қағидалар) өзгерістер енгізілді. Қағидалардың 24-тармағына сәйкестестілеуде белгіленген мәндерден төмен нәтиже алған кандидаттарға қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап бір айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі. Құрметпен, А. Шпекбаев