Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 16
  • Жауаптар: 16
  • 02.08.2017, 15:00
  • 02.08.2017, 20:55
  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Майемерова Гүлнұр 02.08.2017, 17:38, Сұрақ нөмірі: 7165

  • 0

Құрметті Алик Жаткамбаевич! Осы жолы аяқталған аттестация қорытындысы бойынша лауазымына сай келмей, төмендетілген мемлекеттік қызметкер өзінің бұрынғы лауазымынан да жоғары лауазымға немесе қайтадан өз лауазымына өту үшін конкурсқа қатысуға құқылы ма? Мысал ретінде келтіретін болсам: С-О-2 (яғни басшының орынбасары) С-О-4 (бөліам басшысы) лауазымына төмендетілді делік, енді ол С-О-1 (басшы) лауазымына немесе өзінің бұрынғы С-О-2 (басшының орынбасары) лауазымына өту үшін конкурсқа қатыса ала ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.August.2017, 20:23

Құрметті Гүлнұр! Сіздің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауға қатысты сұрағыңызды қарап, келесіні хабарлаймыз. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттау «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 15-қадамына сәйкес кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталаған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығымен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 2-тармағына сәйкес аттестаттаудың мақсаты «Б» корпусы қызметшілерінің кәсіби дайындық деңгейін және атқаратын лауазымдарына сәйкестігін айқындау болып табылады. Сонымен қатар, Агенттік Төрағасының 2017 жылдың 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің тағайындау конкурс қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Осы қағидаларымен «Б» корпусының қызметшілерінің аттестатаудың жағымсыз қорытындысы болған жағдайда оны конкурс нәтижесі бойынша тағайындауға шектеу қарастырылмаған. Сонымен бірге, аттестаттау қорытындысы бойынша бұрын атқарған лауазымынан төмендетілген тұлғаны конкурс арқылы сол лауазымға қайта тағайындау 15-қадамды орындауға кері әсер етеді. Құрметпен, А. Шпекбаев