Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 16
  • Жауаптар: 16
  • 02.08.2017, 15:00
  • 02.08.2017, 20:55
  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

"Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігі Мұнай-газ Кешеніндегі Экологиялық Реттеу, Бақылау Және Мемлекеттік Инспекция Комитетінің Маңғыстау Облысы Бойынша Экология Департаменті" Республикалық Мемлекеттік Мекемесі 02.08.2017, 18:42, Сұрақ нөмірі: 7170

  • 0

Біліктілік талаптарында С-О-4 санатына қойылған талаптар бірінші тармағы бойынша қазақшасы орысшасына сәйкес келмейді. Осыған жауап бересізба? Рахмет!

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.August.2017, 20:30

Мемлекеттік қызмет саласында азаматтық белсенділік көрсеткеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Сауалыңызда аталған мәселе заңнаманы жетілдіру барысында қарастырылатындығын хабарлаймыз. Құрметпен, А. Шпекбаев