Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 16
  • Жауаптар: 16
  • 02.08.2017, 15:00
  • 02.08.2017, 20:55
  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

"Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігі Мұнай-газ Кешеніндегі Экологиялық Реттеу, Бақылау Және Мемлекеттік Инспекция Комитетінің Маңғыстау Облысы Бойынша Экология Департаменті" Республикалық Мемлекеттік Мекемесі 02.08.2017, 18:46, Сұрақ нөмірі: 7171

  • 0

Кеш жарық! Кәзіргі таңда"Б" корпусында "КАДР РЕЗЕРВІ" деген ұғым барма? Рахмет!

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.August.2017, 20:28

Алдында қолданыста болған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес «Б» корпусының кадр резервіндегі азаматтар конкурссыз тағайндалған. Сонымен қатар, меритократия ұстанымын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заңымен мемлекеттік қызметте конкурссыз тағайндаулар мүмкіндігі қысқартылды. Осыған байланысты, жаңа заңнаманың енгізілуімен «Б» корпусының кадр резерві ұғымы жойылды.