«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»: «Туған жер» жобасы»
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»: «Туған жер» жобасының Алматы облысында іске асырылуы тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 09.08.2017, 10:00
- 09.08.2017, 16:00
- Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы – А. Тохтасунов
Оразалинов Асхат 07.08.2017, 18:24, Сұрақ нөмірі: 7176
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы болашаққа көзқарасы өзінің тереңдігімен әрқайсысымызға ой салып, жағымды әсер етті. Сіздің ойыңызша, мақалада аталған «Туған жер» жобасы қоғамға қаншалықты маңызды?
Алматы облысы 08.August.2017, 09:30
Елбасы мақаласында рухани жаңғыруды бүгінгі күннен жаңаша жасау емес, өткен тарихымызбен, қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерімен, ең бастысы, ана тіліміз, әдебиетіміз, мәдениетімізбен, қазақи рухымызбен байланыстырамыз деп ашып айтты. Жалпыұлттық патриотизм ұғымын кеңейтуге бағытталған «Туған жер» арнайы жобасы туралы Елбасы өзінің мақаласында жан-жақты түсініктер берген. Бұл бағдарламаның халқымызға жаңа рух, тың серпін беретіні анық. Бұған тарихымыз да, руханиятымыз да, патриоттық тәрбие де кіреді. Соның нәтижесінде, болашақта елін, жерін, халқын сүюге қазақша тәрбиеленген нағыз қазақстандық жаңа буын пайда болады деп есептейміз.