«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»: «Туған жер» жобасы»
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»: «Туған жер» жобасының Алматы облысында іске асырылуы тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 09.08.2017, 10:00
- 09.08.2017, 16:00
- Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы – А. Тохтасунов
Касенов Нусипхан 08.08.2017, 17:52, Сұрақ нөмірі: 7192
Сіз басшылық етіп отырған өңірде «Туған жер» бағдарламасы қалай жүргізілуде?
Алматы облысы 09.August.2017, 08:46
Елбасының бағдарламалық мақаласындағы басымдыққа ие бөлімнің бірі – «Туған жер». Қазіргі кезде «Туған жер» бағдарламасының аясында біршама жұмыс атқарылды. Осы бағдарлама бойынша бастаманы бірінші болып жүзеге асырған Жетісу өңірі екенін баса айтқым келеді. Мәселен, осы бағдарлама жарияланғаннан кейін, Жамбыл ауданында кәсіпкер өз қаржысына ауыл саябағын жаңарты. Сондай – ақ, футбол корты мен қосымша білім орталығын ашуға ниет білдірді. Артынша, осы Жамбылдық кәсіпкердің ізін суытпай, Кербұлақ ауданындағы белгілі кәсіпкер өз қаржысына ауылында мектеп салуда. Жалпы облыста туған жерді түлетуге ниет білдіріп жатқандардың қатары көп. Тамыз айының ішінде облыстан шыққан ірі кәсіпкерлердің басын біріктіріп, инвестициялық «Туған жер» форумын өткізу жоспарда бар. Жоба «Менің Жетісуым» деп аталады. Қазір әр ауданнан сырт көмекті қажет ететін проблемаларды жинақтап, зерделеудеміз. Сонда анықталған жағдайларға сай кәсіпкерлер аталған форумда меморандумға қол қойып, өз туған өлкесінің дамуына көмектесетін болады.