«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»: «Туған жер» жобасы»

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»: «Туған жер» жобасының Алматы облысында іске асырылуы тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 09.08.2017, 10:00
  • 09.08.2017, 16:00
  • Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы – А. Тохтасунов

Рахимберлина Туганай 09.08.2017, 15:17, Сұрақ нөмірі: 7194

  • 0

«Туған жер» бағдарламасының аясында өзінің туып-өскен аймағының көркеюіне үлес қосып, демеушілік жасап жүрген меценаттар, кәсіпкерлер бар ма?

Алматы облысы 09.August.2017, 15:33

Қазіргі күні туған жеріне шынайы жанашырлық жасап жүрген талай азамат елдің ризашылығына бөленіп жүр. Солардың бірі ретінде, белгілі меценат, кәсіпкер Бауыржан Оспановтың есімін ерекше атауға болады. Мәселен, Үйгентас өңіріндегі Жыланды ауылындағы кәсіпкердің ашқан спорт кешені, Мәдениет сарайы, тігін цехы қалалардағыдан кем емес. Сондай-ақ, бизнесмен азамат Лепсі ауылында спорт мектебін ашты. Жуырда ған Алакөл ауданындағы Жыланды ауылында Есім төре кесенесінің араға жүз жыл салып қайта жаңғыруына, яғни тозығы жеткен мазарды жаңартуға да Бауыржан Оспановтың мұрындық болғандығын айта кетуге болады. Сонымен қатар, «Гүлстан» журналының редакторы, белгілі кәсіпкер Гөзел Құлжабаеваны да даралап көрсетуге болады. Ол өз ауылы Басши, Нұрым елді мекендерінен бірнеше бақтың негізін қалап, гүлге бөлеген. Қазақстанда оның кәсібінен үлгі алып жүргендер де көп. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.