«Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы туралы
«Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Интернет-конференция барысында дін саласындағы заңнамаға енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар туралы сұрақтарға Дін істері комитетінің төрағасы Оңғарбаев Е.А. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 15.08.2017, 15:00
- 15.08.2017, 17:00
- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Кусаинова Айгерим 15.08.2017, 15:57, Сұрақ нөмірі: 7210
Қажылықа барғысы келетіндер үшін толыққанды ақпарат бере аласыз ба? Кімге, қайда хабарласуға болады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 15.August.2017, 16:16
Қажылық − барлық мұсылман қауымы үшін маңызды құлшылық екендігі белгілі. Осы мақсатта еліміздегі қажылықты ұйымдастыру жұмыстарын толығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жүзеге асыратындығын атап өткім келеді. Дегенмен, елімізде қажылыққа барушы азаматтарымызға өткен жылдарға қарағанда ыңғайлы жағдайлар жасалуда. Бұған дейін қажыларды тасымадаумен Сауд Арабиясының «Флай Нас» әуе компаниясы айналысқан болатын. Ағымдағы жылдан бастап, 50/50 тасымалдау шартымен алғаш рет отандық «СКАТ» әуе компаниясы қажыларды тікелей Сауд Арабиясы Корольдігіне (Жидда және Медина қалаларына) тасымалдаумен айналысатын болды. Сондай-ақ қажылық жұмыстарын ұйымдастырумен 16 туристік компаниясы қызмет атқарады. Қажылыққа бару үшін осы 16 компанияның кез-келгенімен хабарласып, өзіңізге ұнағанымен қажылыққа баруыңызға болады (16 туркомпанияға қатысты ақпараттарды мешіттерден алуыңызға болады). Бұл компаниялардың барлығында өздерінің жол көрсетушілері (гид), дәрігерлері, діни басқармамен келісілген уағызшылары болады. Бұған қоса қажылық кезеңінде ҚМДБ-ның қажылық миссиясы жұмыс атқарады. Бұл миссияның құрамында да дәргерлер, жол нұсқаушылар (гидтер) қызмет атқаратын болады. Қажылықты ұйымдастыру жұмыстарымен мұсылмандар діни басқармасы айналысатындықтан еліміздегі кез келген мешіт имамына жолығып, толыққанды ақпарат алуыңызға болатындығын мәлімдейміз.