«Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы туралы

«Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Интернет-конференция барысында дін саласындағы заңнамаға енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар туралы сұрақтарға Дін істері комитетінің төрағасы Оңғарбаев Е.А. жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 15.08.2017, 15:00
  • 15.08.2017, 17:00
  • ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Ахметжанова Салтанат 15.08.2017, 16:13, Сұрақ нөмірі: 7211

  • 0

Қазақстандық Уақып қорының құрылғанын естіп жатырмыз. Егерде мен осы қорға қайырымдылық жасағым келсе, мен оны қалай іске асыра аламын?

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 15.August.2017, 16:31

Ағымдағы жылдың 1 шілде күні Астана қаласы әділет органдарында «Уақып» қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қоры ресми тіркеуден өтті. Қор коммерциялық емес ұйым болып табылады, қордың жұмысы әлеуметтік жағынан осал топтарға көмек көрсету, қайырымдылқ іс-шараларын ұйымдастыруға бағытталатын болады. Қордың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Cауран көшесі, 1 үй. Телефон: 8 775 785 55 80 Егерде Сіз қайырымдылық жасағыңыз келсе, қайырымдылық қаражаттарын Қазақстан Республикасының банктерінде ашылған Қордың шоттарына аударуға болады. Қордың шоттары жайлы ақпаратт Қор веб-сайтында болатын болады. Сонымен қатар, қайырымдылық Қорға кез-келген мүлікке меншітік құқығын беру, жылжымайтын және жылжитын мүлік, бағалы қағаздар түрінде берілуі мүмкін. Аталған мүліктер табыс табу мақсатында кәсіби басқару компаниясына беріліп, түскен табысты қайырымдылық мақсаттарында қолдану мүмкіншілігі бар.