Интернет-конференция с участием акима Кызылординской области
Интернет-конференция с участием акима Кызылординской области К.Е.Кушербаева о подготовке к новому учебному году
- Вопросы: 10
- Ответы: 10
- 25.08.2017, 10:00
- 25.08.2017, 18:00
- Аппарат акима Кызылординской области
Муса Айдар 25.08.2017, 10:11, Номер вопроса: 7226
Өзіңізге белгілі «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы 1 тамыз күні бастау алды, былтырғы жылмен салыстырғанда биыл қанша балаға көмек көрсетілді?



Кызылординская область 25.August.2017, 11:15
Сұрағыңызға рахмет! «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын 2017 жылғы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында ұйымдастыру және өткізу туралы іс - шаралар жоспары» әзірленіп, бекітілді, биылғы жылы аталған акция «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтуде. 2016 жылдың қортындысы бойынша облыста барлығы 28 мыңға жуық көп балалы және аз қамтамасыз етілген жанұяның балаларына 184 милионнан астам теңгеге көмек көрсетілді. Биылғы жылдың 1-20 тамыз аралығында облыс бойынша бюджеттен және бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен 15 821 100 теңге көлемінде 3412 балаға көмек көрсетілді. Бұл акция қыркүйек айының аяғына дейін жалғасын табатын болады.