Интернет-конференция с участием акима Кызылординской области

Интернет-конференция с участием акима Кызылординской области К.Е.Кушербаева о подготовке к новому учебному году

  • Вопросы: 10
  • Ответы: 10
  • 25.08.2017, 10:00
  • 25.08.2017, 18:00
  • Аппарат акима Кызылординской области

Серікқызы Назгүл 25.08.2017, 11:18, Номер вопроса: 7228

  • 0

Жыл сайын жаңа оқу жылында балаларымызға форма, оқу құралдарын алу, оқулық мәселесі көтеріледі. Осыған орай, биылғы жылы балаларымыз оқулықпен толық қамтылатын бола ма?

Кызылординская область 25.August.2017, 11:23

Әр оқу жылында мектеп оқушыларын жаңа оқулықтармен тегін қамтамасыз ету басты жұмыстардың бірі. Биылғы жылы оқушыларды оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз ету үшін облыс бойынша 1, 3 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, 2, 5, 7 сыныптарда оқитын 46 345 оқушыға жаңа оқулықтар сатып алуға қажетті 1,097 млн теңге қаржы толығымен қаралды. Бүгінгі күні оқулықтар мектептерге толығымен жеткізілді. Сонымен қатар, 1 және 2-сыныптың оқушылары бірыңғай базалық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен оқытылады.