Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
Жаңа оқу жылына дайындық барысы бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 25.08.2017, 10:00
- 25.08.2017, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Ыдырысова Мөлдір 25.08.2017, 11:54, Сұрақ нөмірі: 7229
ҚР Үкіметінің «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облыстағы білім беру ұйымдарының 3 ауысымда оқитын немесе апаттық жағдайдағы мектептер мәселесі қалай шешілуде?
Қызылорда облысы 25.08.2017
Соңғы жылдары облыстағы мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде. 2013 жылдан бастап облыста 3 ауысымды мектеп жоқ. Жаңа оқу жылында апатты жағдайдағы барлық мектептер мәселесі оң шешімін табады. Қызылорда облысы бойынша 2017 жылдың 1-қаңтарында 13 апаттық мектеп болатын. 2017 жылға 11 апаттық мектептің құрылысын жүргізу үшін облыстық бюджеттен қаржы қаралып, ағымдағы жылдың мамыр айында 5 мектеп құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. (Арал ауданы Көктем ауылы №227 мектеп, Үкілісай ауылы №265 мектеп, Қазалы ауданы Лахалы ауылы №93 мектеп және Бірлік ауылы №102 мектеп, Қармақшы ауданы Қуандария ауылы №186 мектеп), және 5 мектептің құрылысы тамыз айында пайдалануға беріледі (Арал ауданы Аққұлақ ауылы №76 мектеп, Ерімбетжаға ауылы №18 мектеп, Қазалы ауданы Шилі ауылы №259 мектеп және Майдакөл ауылы №98 мектеп, Шәкен ауылы №134 мектеп), қалған 1 мектептің құрылысы қазан айында пайдалануға берілу жоспарланып отыр (Арал ауданы Құланды ауылы №77 мектеп). Сонымен бірге «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 300 орындық 2 апаттық мектеп құрылысы жүргізілуде. Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы №223 мектеп ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі және 1 мектеп Қармақшы ауданы Жосалы ауылындағы №183 мектеп құрылысы жоспар бойынша 2018 жылы пайдалануға беріледі. Жаңақорған ауданы Нәлібаев ауылындағы үш аусымдағы №196 мектеп құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2016 жылы басталып 2017 жылы тамыз айында пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 11 мектеп оқу жылын жаңа ғимаратта бастайтын болды.