Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
Жаңа оқу жылына дайындық барысы бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 25.08.2017, 10:00
- 25.08.2017, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Заирова Гульмира 25.08.2017, Сұрақ нөмірі: 7232
Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Өңіріміздегі жұмыссыз жастарымыздың білім алуына, оның ішінде жұмысшы мамандығы бойынша оқуына Елбасының тапсырмасымен арнайы бағдарлама қабылданды деп еді. Ол қандай бағдарлама? Жастар қалай білім алады?
Қызылорда облысы 25.08.2017
Сауалыңызға рахмет Гульмира! Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2017 жылдан бастап – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы №919 қаулысымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама бойынша жұмысшы мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімді тегін алуы мүмкіндігі бірінші кезеңде негізгі орта білім бойынша мектеп бітіруші түлектер колледждерде жұмысшы мамандықтары бойынша білім алатын болады. Екінші кезеңде бұрынғы жылдары жалпы білім беретін орта мектепті бітіріп, орта білімнен кейінгі және жоғарғы оқу орындарында білім алумен қамтылмай қалған жастарға, сонымен бірге колледждер мен ЖОО-ынан шығып қалған, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар 1-6 айлық қысқа мерзімді курстар арқылы жұмысшы біліктілігін тегін алатын болады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен кәсіптік даярлауға 1515 орын, қысқа курстар арқылы даярлауға 1335 орын, барлығы 2850 орын мемлекеттік тапсырыс бөлініп отыр. Қазіргі таңда, аталған бағдарлама бойынша жұмысшы мамандығын алуға ниетті жастарымыз жолдама негізінде оқуға қабылданды. Бағдарламаны 28 жұмысшы мамандығы бойынша 22 оқу орыны жүзеге асыратын болады.