Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
Жаңа оқу жылына дайындық барысы бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 25.08.2017, 10:00
- 25.08.2017, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Абдраманова Индира 25.08.2017, Сұрақ нөмірі: 7233
Мен кәсіптік білім беру саласында қызмет атқарамын. Соңғы жылдары Сіздің тікелей қолдауыңызбен облысымыздағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл көп жылдардан бері жөндеу көрмеген колледждерде қызмет атқаратын біздер үшін үлкен қуаныш. Аталған жұмыстар өз жалғасын таба ма?
Қызылорда облысы 25.August.2017, 13:06
2016 жылы облыстық бюджеттен 2 колледжге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 282,0 млн. теңге қаржы бөлініп, атап айтқанда, Қызылорда индустриалды-техникалық колледжіне 146,0 млн. теңге, Қазалы аграрлы-техникалық колледжіне 136,0 млн. теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, 2017 жылы Шиелі аграрлы-индустриалды колледжіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 262,0 млн. теңге, Қызылорда политехникалық колледжіне 98,0 млн. теңге, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің жатақханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге 5,9 млн. теңге, Жалағаш аграрлы-индустриалды колледжіне 41,6 млн. теңге, Қазалы көлік-техникалық колледжі мен Қазалы аграрлы-техникалық колледжі жатақханаларына қажетті құрал-жабдықтар алуға 9,7 млн. теңге, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжіне 19,0 млн. теңге, барлығы 436,2 млн. теңге қаржы жергілікті бюджеттен бөлінді. Қазіргі таңда, аталған оқу орындарына күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқу жылына дайын.