Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
Жаңа оқу жылына дайындық барысы бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 25.08.2017, 10:00
- 25.08.2017, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Измагамбетов Кайрат 25.08.2017, 15:24, Сұрақ нөмірі: 7235
Елбасы Н.Ә. Назарбаев үстіміздегі жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жариялады. Мектептердегі тәрбие мәселесінде жаңа оқу жылында балаларға осы бағдарлама аясында қандай жұмыстар қолға алынуда?
Қызылорда облысы 25.August.2017, 15:44
Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың 6 бағыты айқындалған: бәсекелік қабілет; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білім культі; Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасында қөзделген мақсатқа және нәтижелерге жету үшін тиісті жобаның ұйымдастырушылық құрылымын құруды қарастыратын жобалау менеджментінің әдіснамасы қолданылады. Облыстың білім беру жүйесі «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыруда. Бүгінде бұл кіші бағдарламаның төрт базалық бағыттары айқындалған. Олар: «Өлкетану», «Саналы Азамат», «Отаным-тағдырым» және «Кітап-білім бұлағы». Елбасы мақаласының «ІІ. Таяу жылдардағы міндеттер» бөлімінде патриоттық тәрбие мен өлкетану мәселелері туралы кеңінен тоқталды. Өлкетану - бұл жастарды туған жерге сүйіспеншілігін қалыптастырудың қуатты құралы. Өскелең ұрпақ бойында өзінің туған жерге деген қадір-қасиетінің арқасында үлкен Отанға деген сүйіспеншілік сезімі қалыптасады. Ұлт тәрбиесі мәселесінде ежелден сан алуан мәдениет пен өркениеттің тоғысы болған Сыр өлкесінің табиғаты мен тарихы, шаруашылығы мен саясаты, мәдениеті мен адамдардың тіршілік әрекетін қосып оқушыларға ауқымды білім мен тәрбие беретін өлкетану пәнін енгізу жоспарлануда.