Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
Жаңа оқу жылына дайындық барысы бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 25.08.2017, 10:00
- 25.08.2017, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Жукович Наталья 25.08.2017, 15:50, Сұрақ нөмірі: 7236
Соңғы 3 жыл ішінде біздің балаларымыз өзіңіздің тікелей қолдауыңызбен Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларындағы іргелі жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне қол жеткізді, балалардың оқуы, олардың әлеуметтік жағдайлары Сіздің үнемі назарыңызда екенін білеміз. Барлық ата-аналардың атынан өзіңізге шын ырзашылығымызды білдіремін.
Менің балам Мәскеудің металлургия институтының 3-ші курсында оқиды. Енді 1, 1,5 жылда оқуын бітіріп, алғашқылардың бірі болып елге оралады. Осы балалардың елге келгендегі мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуы қалай болар екен?
Қызылорда облысы 25.August.2017, 16:13
Сауалыңызға рахмет! Бүгінгі күні Мәскеу қаласындағы Ұлттық технологиялық зерттеу университеті, (бұрынғы МИСиС), К.А.Тимирязов атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті, Санкт-Петербург қаласындағы мемлекеттік өндірістік технология және дизайн университетінде біздің 390 түлегіміз Ресей Федерациясының бюджеті есебінен білім алуда. Балаларымызға бұл жоғары оқу орындарында білім алуына мүмкіндік жасаудағы мақсатымыз, облысымыздың индустрияландыру бағдарламасына сәйкес бүгінгі күні құрылысы басталып іске қосылатын ферроқорытпа зауытына, Шалқия таукен металлургия комбинатына, шыны зауытына, цемент зауытына, кальцилендірілген соды зауытына және ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағытындағы жаңа өндіріс орындарына білікті мамандар даярлау. Балаларымыздың жағдайы менің жіті бақылауымда. Мен жыл сайын сол жоғары оқу орындарына барып, университет басшылығымен, оқытушы –профессорларымен және студенттермен кездесіп, пікір алысып еліміздің және өз облысымыздың экономикалық жағдайы мен болашағы жөнінде, оқып жатқан балаларымыздың елге оралғандағы болашақ жұмыс орындары жөнінде ойларымды ортаға салып жүрмін. Балалардың елге маман болып оралғанда олардың жұмысқа орналасуын үйлестіріп қамтамасыз етіп отыратын жаңадан құрылған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының жанында арнайы рекрутивтік орталық жұмыс жасайтын болады. Балаңыздың болашағы жөнінде еш уайымдамаңыз, олар тек ерінбей, жалықпай білім алып жақсы маман болып келуі керек.