Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 05.09.2017, 15:20
- 05.09.2017, 20:15
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Нуржанова Айгерим 05.09.2017, 16:02, Сұрақ нөмірі: 7245
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген жауапкершілікпен қатар, белгілі бір мерзімге мемлекеттік қызметке кіру құқығын шектейді. Мысалы, Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін негізгі жазамен қоса 5 жыл мемлекеттік қызметке кіру құқығын айыру жазасы тағайындалған.
Ал, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 16 бабы 3 тармағының 8 тармақшасында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған азаматтар мемлекеттік қызметке қабылдауға болмайды делінген.
Сұрақ:
Белгілі бір мерзімге мемлекеттік қызметке кіру құқығынан айрылған азамат мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметке қайта кіре алады ма?
Осы жерде Кодекстың және Заңның талаптары бір-біріне қайшы келмей ме?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.September.2017, 18:51
Құрметті Нуржанова Айгерим! Сіздің сұрағыңызды қарап келесіні хабарлаймыз. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 16-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда мемлекеттiк қызметке қабылдауға болмайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру міндетті түрде тағайындалады және мемлекеттік қызметте, лауазымды атқаруға өмір бойына тыйым салудан тұрады. Айтылғанның негізінде, сыбайлас жемқорлық жасаған адамға мемлекеттік қызметке түсуге тыйым салынғанын және осы Заңда көзделген шектеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің нормаларына қайшы келмейтінін хабарлаймыз. Құрметпен, Төрағаның орынбасары А. Шпекбаев