Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 05.09.2017, 15:20
- 05.09.2017, 20:15
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Мухамедиев Мейірхан 05.09.2017, 18:27, Сұрақ нөмірі: 7247
Құрметті Алик Жаткамбаевич! Алдымен Сізге, соңғы уақыттарда белсенді атқарып жатқан қызметіңізге алғыс білдіргім келеді. Қояр сауалым, Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменттерінде (əрі қарай - Департамент) неге С-О-6 санаты штат кестесінде аз? Мысалға əр аумақтық Департамент құрылымында менің білуімше бес басқарма бар, онда əр басқармада басшыдан бөлек 7-8 бас маман (С-О-5) бар, жетекші маман (С-О-6 санаты) əр басқармада біреу ғана, сонда жалпы Департаментте 4-5 жетекші маман ғана. Ал біз білеміз одан жоғары С-О-5 санатына жұмыс өтілі керек екенін. Жаңа оқу бітірген немесе жұмыс өтілі жоқ азаматтар Сіздердің аумақтық Департаментте қызмет еткісі келсе жетекші маман орнының босағанын күту керек немесе басқа органда белгіленген санат бойынша жұмыс жасап, жұмыс өтілі жеткенде ғана Департаментке С-О-5 санатына конкурсқа қатыса алады. Бұл үлкен уақытты алады деп ойлаймын. Мысалға мен, мемлекеттік қызметкермін жəне Сіздердің аумақтық Департаментте қызмет еткім келеді, мемлекеттік қызмет саласына қатысты барлық құқықтық актілерді қызығушылық жаттап алдым деседе болады. Бірақ жұмыс өтілім жетпегендіктен, Департаментте жетекші маман лауазымының бос болмауынан конкурсқа қатыса алмаймын. Сондықтан, мүмкіндік болса, Алик Жаткамбаевич осы мəселені қолға алуыңызды сұраймын. Аумақтық Департаменттерде жетекші маман лауазымын көбейтсе екен, Департаменттің əр басқармасында 2 жетекші маман болсада жаман емес еді. Рахмет!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.September.2017, 20:14
«Құрметті Мейірхан Нурахунұлы! Агенттіктің аумақтық органдарында жетекші маман лауазымдарының санын ұлғайту бойынша ұсынысыңыз жан-жақты зерттеліп, қарастырылатын болады. Сонымен бірге, Агенттіктің Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай,Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттеріндежетекші маманлауазымы жоқ болғандықтан, бас маман лауазымы төменгі болып табылады. Осыған орай, жұмыс өтілі болмаған жағдайда Үлгілік біліктілік талаптардың 23-тармағына сәйкес Сіз жоғарыда көрсетілген Агенттіктің департаменттерінде бас маман лауазымына орналаса аласыз. Мемлекеттік қызметті жетілдіру саласында азаматтық белсенділігіңіз үшін алғысымызды білдіреміз.» Құрметпен, А. Шпекбаев