Мемлекеттік сатып алудың ашықтығы
«Мемлекеттік сатып алудың ашықтығы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу және әдіснама департаменті директорының орынбасары Ш.С. Ташенев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 07.09.2017, 15:00
- 07.09.2017, 18:05
- Қаржы министрлігі ҚР
"Қарағанды Облысы Ішкі Істер Департаментінің Оқу Орталығы" Республикалық Мемлекеттік Мекемесі 07.09.2017, 15:08, Сұрақ нөмірі: 7254
Сәлеметсіз бе Шыңгыс Саятович, сізден сұрайын дегенім егерде «Бағалы ұсыныныстарға сұраным» тәсілімен жазғы автошиналар алынған болса, кейін "бір көзден тікелей жасасу арқылы" тәсілімен қысқы автошиналарды алуға бола ма? Олар бір бірін алмастыра алады ма? Жазғы және қысқы автошиналардың дразмері бірдей.
ҚР Қаржы министрлігі 07.September.2017, 17:56
Қайырлы күн! «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 37-бабы 2-тармағына сәйкес, бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң бiрнеше түрiне баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi олардың бiртектi түрлері бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi. Бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi. Осыған орай, автокөлікке қысқы және жазғы автошиналарды сатып алу кезінде Тапсырыс берушілер тауарларды лоттарға бөлуі тиіс, яғни жазғы және қысқы шиналарды жеке алуы керек.