Қазақстан Республикасында сыртқы және ішкі көші-қон процесстерін реттеу
«Қазақстан Республикасында сыртқы және ішкі көші-қон процесстерін реттеу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Қабденов Мұрат Талапұлы жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 04.09.2017, 09:00
- 08.09.2017, 18:30
- ҚР ішкі істер министрлігі
Қарабалин Айбар 07.09.2017, 20:42, Сұрақ нөмірі: 7261
Менің туысымның тегін 93 жылы АХАЖ-да әкемнің аты орысша әріптермен жазылған болғаны үшін, түсініксіз өзгертілген тек пайда болды. Соны қазақша әріптермен сәйкестендіру үшін қайда қалай жүгінуге болады? Және ол қанша уақытқа созылады? Менің әкемнің атын өзгертпей-ақ тегімді қазақшалай аламын ба? Қандай құжаттар жинау керек?
ҚР Ішкі істер министрлігі 08.September.2017, 13:13
Жеке басты куәландыратын құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдеу үшін Сіздің туысыңызға тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына жеке куәлігімен және туу туралы куәлігімен жүгіну қажет. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарды уәкілетті мемлекеттік орган қазақ тілінде немесе иесінің қалауы бойынша орыс тілінде толтырады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 2 ақпандағы «Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен әкесiнiң атын жазуға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi туралы» № 2923 Жарлығына сәйкес ұлты қазақ азаматтар өздерiнiң тегi мен әкесiнiң атының жазылуын қазақ тiлiне тән емес аффикстi алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алайда тегi мен әкесiнiң атының түбiрлiк негiзi сақталуға тиiс. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және жеке басының куәлігін берген кезде құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган тегі мен әкесінің атының жазылуын оңайлатылған тәртіппен, азаматтық хал-ахуалын жазу актілеріне өзгерістер енгізусіз жүргізеді. Егер, тегінің қазақ тілінде жазылуы акт жазбасына өзгерістер енгізуді талап ететін болса, жаңа туу туралы куәлік алу үшін Сіздің туысыңызға тұрғылықты жері бойынша АХАЖ органдарына (Әкімдікке) жүгіну керек.