Қазақстан Республикасында сыртқы және ішкі көші-қон процесстерін реттеу

«Қазақстан Республикасында сыртқы және ішкі көші-қон процесстерін реттеу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Қабденов Мұрат Талапұлы жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 04.09.2017, 09:00
  • 08.09.2017, 18:30
  • ҚР ішкі істер министрлігі

Амиржанов Жандос 07.09.2017, 20:56, Сұрақ нөмірі: 7263

  • 0

Шет мемлекеттерден келген қандастарымыз азаматтық алуы үшін Қазақстанда ықтияр хатпен 5 жыл жүруі керек екен. Сол мерзімді қысқарту процестері қарастырылып жатыр ма? Өйткені олар 5 жыл бойы Қазақстанда тұратын болса, өздерінің елдерінде қиындықтарға ұшырауда.

ҚР Ішкі істер министрлігі 08.September.2017, 13:14

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 16-1-бабына сәйкес тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (яғни ықтиярхаты бар) оралмандар, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын этникалық қазақтар жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдана алады. Қарау мерзімі үш айды құрайды.