Жолдарды жөндеу және жол салу
Батыс Қазақстан облысы бойынша жолдарды жөндеу және жол салу мәселелері туралы
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 11.09.2017, 11:00
- 11.09.2017, 18:00
- БҚО әкімдігі
Елеукенова Регина 11.09.2017, 17:21, Сұрақ нөмірі: 7266
Сәлеметсізбе! Құрметті Алтай Сейдірұлы! Облыс орталығын Жәнібек, Қазталовка аудандарымен асфальтбетон жабынды жолмен қашан байланыстырады?
Батыс Қазақстан облысы 11.September.2017, 18:45
Құрметті Елеукенова Регина! «Чапаев-Жалпақтал-Казталов-РФ шек.» автожолының жалпы ұзындығы 213 км. Бұл автожолда 17-157 шақ. телімінде жөндеу жұмыстары 2007 жылы басталды және ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 140 шақ. жөндеу жоспарланған (Ағымдағы жылы 97-157 шақ. жол телеміне 1,7 млрд. тг. бөлінді, 12,6 шақ. жөндеу және объектіні пайдалануға беру жоспарланған). Сонымен қатар ағымдағы жылы Чапаев-Жалпақтал-Казталов-РФ шек. 157-192 шқ. автожолы телімін күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда, ол Казталовканы облыс орталығымен байланыстырады (қалған 35 шақ). Казталов-Жәнібек-РФ шек. автожолының жалпы ұзындығы 164,55 шақ. 137-157 шақ. жөндеу жұмыстары жүргізілуде және 2017 жылы аяқталады. Егер бұрын облыс орталығымен асфальтбетон жабынымен жолдарымен 12 облыс орталығының ішінде 6 ғана қосылған болса, бүгінгі күні жоғары сапалы жолмен 9 аудан байланысқан. Қалған 3 аударға жұмыс жүргізілуде. Жалпы алғанда 2017 жылға облыс автожолдарына 35,6 млрд. теңге қаражат бөлінді, бөлінген қаражатқа шамамен 500 шақырым автожолды жөндеу жұмыстары жоспарлануда, соның ішінде: Республикалық маңызы бар автожолдарына 14,1 млрд. теңге бөлінген қаражатқа 209 шақырым жөндеу; Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарына 6,2 млрд. теңге бөлініп, бұл қаражатқа 126 шақ. жөнделеді. Облыс орталығы Орал қаласына 2,3 млрд. теңге және ҚПО б.в. қаржыландыруымен 6,9 млрд. теңге бөлініп, бұл қаражатқа 67 көшесінде 72 шақырым автожол жөнделеді. Аудандық маңызы бар және елді мекендер көшелерін жөндеуге 3,9 млрд. теңге және ҚПО б.в. 2,0 млрд. теңге қаражат бөлінді, бұл қаражатқа 91 көшесінде 93,2 шақырым автожол жөнделеді.