2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының Тұжырымдамасын жүзеге асыру

«2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының Тұжырымдамасын жүзеге асыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Дін саласындағы мемлекеттік саясат бойынша сұрақтарға Дін істері комитетінің төрағасы Оңғарбаев Е.А. жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 22.09.2017, 16:00
  • 22.09.2017, 19:00
  • ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Кусаинова Айгерим 22.09.2017, 16:31, Сұрақ нөмірі: 7292

  • 0

Мектепте хиджаб кию мәселесі жайлы айта кетіңізші?

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 22.September.2017, 17:15

Білім және Ғылым министрлігінің осы мәселеге қатысты ортақ киім үлгісі жөнінде бұйрығы бар. Бұл әділет министірлігінде толыққанды тіркелген құқықтық акт. Аталмыш құжаттың толыққанды заңды күші бар, сондықтан мемтептер мен өзгеде білім ордаларында шариғат пен түрлі діни наным және конфессиялар талаптары емес, зайырлылық заңдар, нормативті-құқықтық актілер басшылық етеді.