2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының Тұжырымдамасын жүзеге асыру
«2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының Тұжырымдамасын жүзеге асыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Дін саласындағы мемлекеттік саясат бойынша сұрақтарға Дін істері комитетінің төрағасы Оңғарбаев Е.А. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 22.09.2017, 16:00
- 22.09.2017, 19:00
- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Ыдырыс Ұлан 22.09.2017, 17:31, Сұрақ нөмірі: 7294
Қазақстан азаматтарына шет елде діни білім алу, тек Қазақстан Республикасында сәйкесінше білім алған жағдайда ғана рұқсат етілмек пе?
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 22.September.2017, 18:31
Шет елдерге діни білім алуға кететін жастардың басым көпшілігі радикалды ағым идеологтарының ықпалына түсіп қалады. Бұл шет елдерде діни білім алаудың бір жүйеге келмеген нәтижесінің көрінісі. Олар түрлі тіл үйрететін заңсыз курстарға тап болады. Әр елде әртүрлі ақида (сенім) үйретіп, оны әртүрлі түсіндіреді. Олар дін үйренемеін деп кетіп, олардың діни танымын, діни тәжірибесін, сол елдердің ұлттық мәдени құндылықтарын алып келеді. Ең өкініштісі, сол жалған білімді өздерімен бірге елге әкеліп, басқа жастардың санасын улауға кіріседі. Осының негізінде діндарлардың, имамдардың тіпті сол дін қызметкерлердің арасында қарама-қайшылықтар туып жатады. Тұлға болып қалыптасып үлгермеген, рухани дүниесі қалыптаспаған, толық білімі жоқ жастар шет елде білім алуға дайын емес. Осыған байланысты әзірлеушілер тобы профиль заңына келесі норма енгізуге ұсыныс жасайды: «Шетелдерде Қазақстан Республикасының азаматтарының рухани (діни) білім алуына Қазақстан Республикасында жоғары рухани (діни) білім алғаннан кейін ғана жол беріледі, сондай-ақ Қазақстанда діни (діни) білім беру ұйымдарының тіркелген діни бірлестіктерінің жоқтығын қоспағанда, халықаралық шарттар (келісімдер) болған жағдайда». Бұл норма бойынша шетелде шығуды шектеу, азаматтардың білім алуға деген негізгі құқықтарын бұзбайды.