Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, қызмет этикаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, қызмет этикаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері туралы
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 25.09.2017, 11:00
- 25.09.2017, 18:00
- БҚО әкімдігі
Қойбақов Абылай 25.09.2017, 15:45, Сұрақ нөмірі: 7298
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша бюджеттік несие немесе көтерме жәрдемақы алар кезде менің тұрғылықты мекенжайым маңызды ма? (БҚО, Бөкей ордасы ауданы)
Батыс Қазақстан облысы 25.September.2017, 16:58
Құрметті Абылай! Ия. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына сәйкес ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға: 1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы; 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары» бұйрығына сәйкес мамандардан қолдау шараларын алу үшін көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер және тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы сұратылады.