Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, қызмет этикаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, қызмет этикаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Қ.Ш.Қанаев және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Б.А.Исақов жауап беретін болады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 29.09.2017, 11:00
- 29.09.2017, 18:00
- БКО әкімі аппараты және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
АЙДАРОВ МИРАМБЕК ЕЛАМАНОВИЧ 29.09.2017, 15:04, Сұрақ нөмірі: 7308
Ақжайық ауданы бойынша мемлекеттік мекеме ұйымдарының Essedo бағдарламасымен жұмыс жасай алмайтының 2 жылдан бері байқап келемін. Ақжайық аудандық әкімшілігіне қарасты 11 бөлім бар. Барлығына дерлік электрондық өтініш жасадым. Соңғы электрондық өтінішті Egov.kz порталымен Ақжайық аудандық білім бөліміне 2017 жылы тамыз айында жібердім. Олар қалай қабылдауы керектігін білмеді. Өзімнен сұрайды. Осыдан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердін сапасын қалай бағалауға болады?! Әлде мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлаудан өткізу керек пе? Қарапайым халық электронды түрде тиімді деп жатса, мемлекеттік қызметкерлер сол баяғы қағаз бастылыққа салады.
Батыс Қазақстан облысы 29.September.2017, 21:00
Ақжайық ауданы әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер ЭҚАБЖ (электрондық құжатайналымының бірыңғай жүйесі) арқылы жұмыс істеуде. Осы уақытқа дейін мамандардың бұл жүйеде жұмыс істей алмайтындығы туралы ешқандай шағым тіркелген жоқ, барлық бөлімдерде білікті мамандар жұмыс атқаруда. Облыстағы мемлекеттік қызметшілер «Электронды құжатайналымның біріңғай жүйесі» бағдарламасы бойынша бекітілген кесте бойынша оқытылып отыр. ЖАО мемлекеттік қызметшілер әр үш жыл сайын біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. 2017 жылдың мамыр айында барлық бөлімдердің мамандарымен іс жүргізу және арыз-шағымдармен жұмыс жасау жөнінде кеңес өткізілді. Айдаров Мирамбек Еламанұлы! Сіздің 2017 жылғы14 ақпанындағы ҮЭП (Үкіметтік электрондық портал) арқылы жол мәселесі бойынша аудан әкімі аппаратына жолданған 17.02.2017жылғыЖТ-А-7 нөмірлі шығыспен жауап берілді. Сондай-ақ, 22.08.2017 жылы ауданның білім бөліміне мектепке қатысты хатыңызға жауап5 қыркүйек күні берілді.