«Жекешелендірудің екінші толқыны» орындау барысы туралы»
«Жекешелендірудің екінші толқыны» орындау барысы туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төраға міндетін атқарушысы Ыбырайымов Ғалымжан Уалиханұлы жауап беретін болады
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 29.09.2017, 16:00
- 29.09.2017, 17:30
- Қаржы министрлігі ҚР
АЙДАРОВ МИРАМБЕК ЕЛАМАНОВИЧ 29.09.2017, 16:22, Сұрақ нөмірі: 7309
БҚО облысы бойынша жекешелендірудін екінші толқыны бойынша коммуналдық меншіктегі 9 нысан белгіленген болатын. Осы туралы айтып өтсеніз.
ҚР Қаржы министрлігі 29.September.2017, 17:13
Құрметті Мирамбек Еламанович, жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының шеңберінде Батыс Қазақстан облысы бойынша барлығы 20 коммуналдық меншік объектісін бәсекелес ортаға беру жоспарланған. 2016 жылға жоспарланған 10 объектінің 6-уы сатылды, сату бағасы 376 млн. теңгені құрады. Қалған 4 объекті таратылу сатыларында. Бүгінгі күнге 2017 жылға жоспарланған 10 объектінің 5-уі сауда-саттыққа шығарылып, оның ішінде 3 объекті сатылды. Сату бағасы 171,8 млн. теңгені құрады. 1 объекті бойынша ұйымды тарату туралы шешім қабылданды. 3 объекті бойынша бағалау жұмыстары жүргізілуде, бұл объектілер ағымдағы жылдың соңына дейін сауда-саттыққа шығарылатын болады. 1 объекті мемлекеттік меншікте сақтауға жатады.