«Жекешелендірудің екінші толқыны» орындау барысы туралы»
«Жекешелендірудің екінші толқыны» орындау барысы туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төраға міндетін атқарушысы Ыбырайымов Ғалымжан Уалиханұлы жауап беретін болады
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 29.09.2017, 16:00
- 29.09.2017, 17:30
- Қаржы министрлігі ҚР
Токбергенова Динара 29.09.2017, 17:08, Сұрақ нөмірі: 7312
Ірі кәсіпорындарды жекешелендіру жалдамалы тәуелсіз консультанттарды тартумен жүзеге асырылады. Неге жалдамалы консультанттарды тартамыз?
ҚР Қаржы министрлігі 29.September.2017, 17:19
Құрметті Динара, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңға сәйкес , егер сатылатын объектінің баланстық құны 5 млрд. теңгеден жоғары болған жағдайда, оны бағалау халықаралық стандарттар бойынша жүргізіледі. Бұл не үшін керек? Баланстық құны 5 млрд. теңгеден жоғары болатын объектілер – ірі кәсіпорындар, жүздеген, мыңдаған жұмыскерлері бар, күрделі өнім шығаратын немесе күрделі қызмет түрлерін көрсететін ұйымдар. Осындай объектілерге біз ауқымды инвестиция, жаңа технологиялар тарту үшін шетелдік инвесторларды тартуымыз керек. Сондықтан біздің дайындаған құжаттарымыз оларға түсінікті болуы қажет.