Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында кәсіпкерлік, туризм, инвестиция салаларын дамыту
Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта бизнестың дамуы. Бүгінгі таңда облысымызда осындай 177 мың 709 субъекті бар. Олардың ішінде 92 мың 640 - түрлі саладардағы жеке кәсіпкерлер. Бұл - сауда-саттық, денсаулық сақтау, көлік, логистика, өндіріс салалары.
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 11
- 03.10.2017, 09:00
- 03.10.2017, 19:00
- Түркістан облысы әкімдігі
Шындалы Ғалымжан 03.10.2017, Сұрақ нөмірі: 7315
Құрметті Жансейіт Қансейітұлы! Қазақстанға тартылған инвестициялық капитал көлемі 3,7 пайызға артқан. Осы бағыттағы жұмыстарды атқаруда ОҚО мен Ақтөбе облыстары көш басында тұр. Өңірге тиесілі нақты іске асқан жобалар турасында айтсаңыз?
Түркістан облысы 03.10.2017
Құрметті Шыңдалы Ғалымжан! Ресми статистикалық мәліметке сәйкес, 2017 жылдың I-ші жарты жылдығында облысқа тартылған инвестиция көлемі 180,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғда 133,0%-ға өскен. Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде облыста жалпы құны 208 млрд.теңге құрайтын 162 жоба іске қосылды. Бұл өз кезегінде 13,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. 2017 жылы 37,1 млрд. теңгенi құрайтын 17 жобаны іске қосу көзделген. Бүгінгі таңда, жалпы сомасы 1,7 млрд.теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылды: 1. «Рахат Шымкент» ЖШС (Шымкент қ) өнімнің жаңа түрін шығаруды бастады. Кәсіпорын жылына 1700 тонна түтікшелік вафли өндіретін болады. Зауытта заманауи оңтүстік кореялық технологиялары қолданылуда. Жаңа құрылғыларға салынған инвестиция көлемі 850 млн.теңгені құрайды. 2. «Азия агро» ЖШС (Отырар ауданы) өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүгері өңдейтін зауытын құрды. Аталған кәсіпорынның құс фермаларын құрама жеммен қамтамасыз ету мақсатында өзі жүгеріні өсіріп, қайта өңдейді. Жобаның жалпы құны 619 млн.теңгені құрайды. 3. Созақ ауданының индустриялық аймағында «Сырлы Созақ» ЖШС пластмассалық бұйымдар мен қалдықтарды қайта өңдеу арқылы уран өндіретін кәсіпорындарға арналған полиэтиленді құбырларды шығаратын зауыт іске қосылды. Жобаның құны 200 млн.теңгеден асады.