Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында кәсіпкерлік, туризм, инвестиция салаларын дамыту

Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта бизнестың дамуы. Бүгінгі таңда облысымызда осындай 177 мың 709 субъекті бар. Олардың ішінде 92 мың 640 - түрлі саладардағы жеке кәсіпкерлер. Бұл - сауда-саттық, денсаулық сақтау, көлік, логистика, өндіріс салалары.

  • Сұрақтар: 11
  • Жауаптар: 11
  • 03.10.2017, 09:00
  • 03.10.2017, 19:00
  • Түркістан облысы әкімдігі

Ташфулатова Гульжан 03.10.2017, Сұрақ нөмірі: 7316

  • 0

Өңірімзде шетелдің қатысуымен қандай жобалар іске асырылуда?

Түркістан облысы 03.10.2017

Атап айтсақ: Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғырту жобасы («Петро Казахстан Ойл Продактс» ЖШС) (Қытайлық инвесторлардың қатысуымен); «Шымкентцемент» АҚ цемент зауытын жаңғырту жобасы (Неміс инвесторлардың қатысуымен); «Химфарм» АҚ дайын дәрі-дәрмек түрлерін өндіру жобасы (Поляк инвесторлардың қатысуымен); ТОО «Gold Aluminum (Голд алюминум)» газ плиталарын өндіру жобасы (Түрік инвесторлардың қатысуымен).